1-сыныпқа қабылдау

🎒 Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
Құжаттарды электрондық egov.kz үкімет порталы арқылы беруге болады, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері, сондай-ақ қағаз түрінде 1 сәуірден 31 тамызға дейін қабылданады.
🔹 Қазақстан азаматтарына арналған портал арқылы мектепке түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) № 065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у баланың денсаулық паспорты;
3) өлшемі 3х4 см фотосурет (2 дана)
Өтінімдер Некрасов көшесі 45 үй мекенжайы бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-18.00 аралығында қабылданады.
🧑 🧑 🧒 🧒 Құрметті ата-аналар, сізден құжаттарды тапсыруды кейінге қалдырмай, мектепке келу жайын ертерек қадағалауларыңызды сұраймыз.